24
сентябрь
2024
Боксенова Шынар Сагидоллаевна

07.05.1975 жылы Семей облысы Ақсуат ауданының Ойшілік ауылында дүниеге келген. Мектепке 1982 жылы Ақсуат ауданы Жданов совхозының орта мектебіне барған. 1983 жылдан бастап Семей қаласының № 5 орта мектебіне ауысып, 1992 жылы осы мектепті аяқтаған. 1992 жылы Шәкәрім атындағы Семей педагогикалық институтына түсіп, 1996 жылы орыс мектептеріндегі қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі мамандығы бойынша тамамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Семей қаласының №20 орта мектебінде бастаған. 1997-1998ж.ж № 5 мектеп-гимназиясында мұғалім болып жұмыс істеген. 1998-2016 ж. «№ 43 жоббм» КММ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, директордың оқу-тәрбие ісі бойынша орынбасары болған. 2016- 2022 ж. «№ 30 жоббм» КММ мұғалім, директордың тәрбие ісі бойынша орынбасары қызметін атқарған. 2022 жылдың 20-қазан 1-желтоқсан аралығында қалалық білім бөлімінде әдіскер болып жұмыс істеді. 2022 жылдың 1- желтоқсанынан «№ 40 жоббм» КММ, мұғалім, директордың оқу-тәрбие ісі бойынша орынбасары. 06.09.2024 жылдан бастап «№ 30 жоббм» КММ директоры.. Педагогикалық шеберлігі- педагог-зерттеуші