Требуется заместитель директора по АХЧ » Средняя общеобразовательная школа № 30
Коммунальное государственное учреждение
"Средняя общеобразовательная школа №30"
отдела образования города Семей
Приемная:
+7 (7222) 30-77-99
Бухгалтерия:
+7 (7222) 30-77-99
Версия
для слабовидящих
» » » Требуется заместитель директора по АХЧ
04
апрель
2024

Требуется заместитель директора по АХЧ

Абай облысы білім басқармасының  Семей қаласы білім бөлімінің
«№30 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
уақытша бос мектеп директорының орынбасары лауазымына
 конкурс жариялайды


Абай облысы, Семей қаласы, Утепбаева көшесі, № 37/А үйі, тел: 35-29-33, Абай облысы Білім басқармасы Семей қаласы білім бөлімінің «№30 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
Мектеп директорының әкімшілік-шаруашылық жөніндегі орынбасары лауазымдық міндеттері: 
    мектептің материалдық-техникалық базасына толық жауап береді. Бұл мақсатта ол: мектепте шаруашылық жұмыстарын ұйымдастырып, оны дамытуға басшылық жасап, бақылауға алады

 - материалдық жауапкершілікті толық мойнына алады;

 -мектепті жаңа оқу жылына толық дайындайды
 - мектепте тұрақты температуралық режимді сақтауға, электр жүйесінің дұрыс жұмыс істеуіне жауап береді;

 - мектептің психологиялық-моральдық климатын сақтайды;

 - кабинет мүліктерін тексереді, қабылдайды;

 - қаржының және материалдық жабдықтардың өз уақытында дұрыс, тиімді жұмсалуын қадағалап, сараптайды;

 - материалдық-техникалық базаның жағдайына сараптама жасайды;
 -материалдық-техникалық базаның даму стратегиясын іріктеу мақсатында білім берудегі қаржылық жағдайдың өзгеру тенденцияларын қарастырып отырады;
 - шаруашылық жұмыстарының ағымдағы және перспективалық түрдегі жоспарын жасайды;
 - оқу бөлмелерін және басқа да орындарды өмір талабына сай жабдықтармен, оқытудың көрнекілік құралдарымен, ОТЖ-мен жаңартып отыруды ұйымдастырады;
 - мектептің санитарлық, өрт қауіпсіздігі және апатсыздық жағдайына, энергия көздерінің үнемді пайдаланылуына жауап береді, мектептің жылуы және жарық режимін сақтау шараларын ұйымдастырады;
 - техникалық қызмет көрсетуге, жөндеу жұмыстарына қажетті шаруашылық келісім-шарттарын уақытында талапқа сай жасауды ұйымдастырады;
 - материалды-техникалық жабдықтармен, кеңсе заттарымен, жууға қажетті заттармен, жабдықтармен өз уақытында қамтамасыз етеді;
 - шаруашылық қызметкерлерін тиімді таңдауды, орналастыруды жүзеге асырады және олардың жұмыс кестесін жасайды;

 - материалдық-техникалық жабдықтау және техникалық қызмет көрсету бағыттары бойынша мектептің серіктестерімен келіссөз жүргізуіне қатысады;
 - мектептің материалдық-техникалық жабдықталуын жетілдіруге қабілетті жеке тұлғалармен, ұйымдармен мектеп атынан іскерлік байланыстар орнатады;
 - мектептегі өз қызметіне қатысты міндеттерді қадағалайды және бұйрық жобаларын жасайды;

 - мектеп ауласында көркейту-көгалдандыру жұмысын ұйымдастырады;
 - бiрыңғай тiзбеде көрсетiлмеген, оның iшiнде еңбек қауiпсiздiгi техникасы комиссиясының рұқсатынсыз (тиiстi рұқсат актiсiз) шеберханаларда, кабинеттерде қолдан жасалған жабдықтарды пайдалануға тыйым салады;
 - еңбек қорғау жұмысын ұйымдастырады, жарақатталу мен кәсiби сырқаттың алдын-алу шараларын жасайды;

 - өндiрiстiк және энергетикалық жабдықтар, машиналар мен механизмдер, қысыммен жұмыс iстейтiн ыдыстарды пайдалану кезiнде қауiпсiздiк техникасы талаптарының орындалуын қамтамасыз етедi;

 - материалды құнды заттарды жинақтау және сақтау технологиясының дұрыс қолданылуын қамтамасыз етедi, ауыр заттарды тасымалдау нормасын, тұрмыстық және қосалқы жұмыс орындарының санитарлық-тазалық жағдайын қадағалайды;
 - желдеткiш қондырғыларының дұрыс пайдаланылуы мен тиімді жұмыс iстеуiн қамтамасыз етедi;

 - нақты еңбек жағдайларын есепке ала отырып, әр жұмысшы және қызмет көрсетушi мамандық иелерi үшiн қауiпсiздік техникасы туралы нұсқаулар әзiрлейдi, кәсiподақ комитетi мен мекеме басшысына бекiтуге ұсынады;
 - тиiстi органдармен бiрлесiп, қазандар және су жылытатын құрылғылар, тығыз және сұйылтылған газ сақталатын ыдыстар, компрессорлар, электрлi қондырғылар және т.б. агрегаттар және қауiптілiгi жоғары механизмдермен жұмыс iстейтiн адамдарды оқытуды ұйымдастырады;

 - тiкелей жұмыс орнында нұсқауларды бірнеше қайталап өткiзедi, жұмысшының бiлімдерiн тексередi, өз бетiмен жұмыс iстеуге рұқсат берiп, оны жұмыс орнындағы нұсқауларды тiркейтiн журналға тiзiп жазады;
 - ғимараттарды, құрылыстар мен мекеме аумағын пайдаланудың қауiпсiздiк техникасы мен өндiрiстiк санитария талаптарына сай болуын қамтамасыз етедi;
 - мекеме аумағында адамдар мен көлiк қозғалысының қауiпсiздiгiн қамтамасыз етедi;
 - жөндеу жұмыстарын, ғимарат пен жұмыс орындарындағы желдеткiш және жылу, электр, санитарлық-тазалық қондырғыларын, электрлi арматура, су құбыры мен желiлiк құдықтардың кезектi жөндеу жұмыстарын уақытылы ұйымдастырып отырады;
 - су құбыры, газ құбыры, канализациялық арна, жылу және электр тораптарының жұмыс iстеуiн жүйелi бақылауды жүзеге асырады;
 - мерзiмдi iшкі тексерулер, техникалық зерттеулер өткiзудi ұйымдастырады су жылытқыштарды тазартып отырады;

 - қалыптасқан нормаларға сәйкес жұмысшыларды арнайы жұмыс киiмі, т.б. жеке қорғаныс құрал-жабдықтармен қамтамасыз етедi.

 - арнайы жұмыс киiмi, аяқ киiмдердi жөндеу, дезинфекциялауды қамтамасыз етедi, оларды есепке алып, мұқият тексерудi ұйымдастырады.

 - ғимараттар меп құрылыста өртке қарсы жабдықтардың болуын қамтамасыз етiп, өрт сөндiру құралдарының дұрыстығын тексередi.

 Қызмет көрсетуші персоналдардың жұмыстарына басшылық жасайды, жұмыс мазмұны бойынша нұсқау береді.
Ол үшін:

 - қызмет көрсетуші персоналдардың жұмысының сапалы болуын тексереді;

 - мектеп күзетшілерінің жұмысын тексереді;

 - кабинет кілттерін түгендеп отырады;

 - вахташы қызметкердің тіркеу журналын тексереді;

 - мектептің түнгі кезекшілігін дұрыс ұйымдастырады;

 - қызмет көрсетуші персоналдардың ай сайынғы табелін жасайды;

 3. Директордың шаруашылық ісі жөніндегі орынбасары білуі тиіс:
 -Қазақстан Республикасының Конституциясын;
 - Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары туралы», «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы»,
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңдарын;
 - еңбек туралы, еңбекті қорғаудың, техника қауіпсіздігі және өртке қарсы қорғанудың ережелері мен нормаларын;
 - санитарлық ережелер мен нормаларды;
 - Мектеп жарғысын.

       Біліктілікке қойылатын талаптар:
     жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім немесе педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжат, педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 3 жыл;
Еңбекке ақы төлеу:
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 2023 жылдың   30 тамыз-1 қыркүйек аралығында
Қажетті құжаттар тізбесі:
1) 10-қосымшаға сәйкес конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген - бар болса);
4)Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).
7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8) наркологиялық ұйымнан анықтама.