Абай облысы, Семей қаласы, Утепбаева көшесі, № 37/А үйі, тел: 35-29-33, Абай облысы Білім басқармасы Семей қаласы білім бөлімінің «№30 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі; Мектеп директорының әкімшілік-шаруашылық жөніндегі орынбасары лауазымдық міндеттері: мектептің материалдық-техникалық базасына толық жауап береді. Бұл мақсатта ол: мектепте шаруашылық жұмыстарын ұйымдастырып, оны дамытуға басшылық жасап, бақылауға алады - материалдық жауапкершілікті толық мойнына алады;
-мектепті жаңа оқу жылына толық дайындайды - мектепте тұрақты температуралық режимді сақтауға, электр жүйесінің дұрыс жұмыс істеуіне жауап береді;
- мектептің психологиялық-моральдық климатын сақтайды;
- кабинет мүліктерін тексереді, қабылдайды;
- қаржының және материалдық жабдықтардың өз уақытында дұрыс, тиімді жұмсалуын қадағалап, сараптайды;
- материалдық-техникалық базаның жағдайына сараптама жасайды; -материалдық-техникалық базаның даму стратегиясын іріктеу мақсатында білім берудегі қаржылық жағдайдың өзгеру тенденцияларын қарастырып отырады; - шаруашылық жұмыстарының ағымдағы және перспективалық түрдегі жоспарын жасайды; - оқу бөлмелерін және басқа да орындарды өмір талабына сай жабдықтармен, оқытудың көрнекілік құралдарымен, ОТЖ-мен жаңартып отыруды ұйымдастырады; - мектептің санитарлық, өрт қауіпсіздігі және апатсыздық жағдайына, энергия көздерінің үнемді пайдаланылуына жауап береді, мектептің жылуы және жарық режимін сақтау шараларын ұйымдастырады; - техникалық қызмет көрсетуге, жөндеу жұмыстарына қажетті шаруашылық келісім-шарттарын уақытында талапқа сай жасауды ұйымдастырады; - материалды-техникалық жабдықтармен, кеңсе заттарымен, жууға қажетті заттармен, жабдықтармен өз уақытында қамтамасыз етеді; - шаруашылық қызметкерлерін тиімді таңдауды, орналастыруды жүзеге асырады және олардың жұмыс кестесін жасайды;
- материалдық-техникалық жабдықтау және техникалық қызмет көрсету бағыттары бойынша мектептің серіктестерімен келіссөз жүргізуіне қатысады; - мектептің материалдық-техникалық жабдықталуын жетілдіруге қабілетті жеке тұлғалармен, ұйымдармен мектеп атынан іскерлік байланыстар орнатады; - мектептегі өз қызметіне қатысты міндеттерді қадағалайды және бұйрық жобаларын жасайды;
- мектеп ауласында көркейту-көгалдандыру жұмысын ұйымдастырады; - бiрыңғай тiзбеде көрсетiлмеген, оның iшiнде еңбек қауiпсiздiгi техникасы комиссиясының рұқсатынсыз (тиiстi рұқсат актiсiз) шеберханаларда, кабинеттерде қолдан жасалған жабдықтарды пайдалануға тыйым салады; - еңбек қорғау жұмысын ұйымдастырады, жарақатталу мен кәсiби сырқаттың алдын-алу шараларын жасайды;
- өндiрiстiк және энергетикалық жабдықтар, машиналар мен механизмдер, қысыммен жұмыс iстейтiн ыдыстарды пайдалану кезiнде қауiпсiздiк техникасы талаптарының орындалуын қамтамасыз етедi;
- материалды құнды заттарды жинақтау және сақтау технологиясының дұрыс қолданылуын қамтамасыз етедi, ауыр заттарды тасымалдау нормасын, тұрмыстық және қосалқы жұмыс орындарының санитарлық-тазалық жағдайын қадағалайды; - желдеткiш қондырғыларының дұрыс пайдаланылуы мен тиімді жұмыс iстеуiн қамтамасыз етедi;
- нақты еңбек жағдайларын есепке ала отырып, әр жұмысшы және қызмет көрсетушi мамандық иелерi үшiн қауiпсiздік техникасы туралы нұсқаулар әзiрлейдi, кәсiподақ комитетi мен мекеме басшысына бекiтуге ұсынады; - тиiстi органдармен бiрлесiп, қазандар және су жылытатын құрылғылар, тығыз және сұйылтылған газ сақталатын ыдыстар, компрессорлар, электрлi қондырғылар және т.б. агрегаттар және қауiптілiгi жоғары механизмдермен жұмыс iстейтiн адамдарды оқытуды ұйымдастырады;
- тiкелей жұмыс орнында нұсқауларды бірнеше қайталап өткiзедi, жұмысшының бiлімдерiн тексередi, өз бетiмен жұмыс iстеуге рұқсат берiп, оны жұмыс орнындағы нұсқауларды тiркейтiн журналға тiзiп жазады; - ғимараттарды, құрылыстар мен мекеме аумағын пайдаланудың қауiпсiздiк техникасы мен өндiрiстiк санитария талаптарына сай болуын қамтамасыз етедi; - мекеме аумағында адамдар мен көлiк қозғалысының қауiпсiздiгiн қамтамасыз етедi; - жөндеу жұмыстарын, ғимарат пен жұмыс орындарындағы желдеткiш және жылу, электр, санитарлық-тазалық қондырғыларын, электрлi арматура, су құбыры мен желiлiк құдықтардың кезектi жөндеу жұмыстарын уақытылы ұйымдастырып отырады; - су құбыры, газ құбыры, канализациялық арна, жылу және электр тораптарының жұмыс iстеуiн жүйелi бақылауды жүзеге асырады; - мерзiмдi iшкі тексерулер, техникалық зерттеулер өткiзудi ұйымдастырады су жылытқыштарды тазартып отырады;
- қалыптасқан нормаларға сәйкес жұмысшыларды арнайы жұмыс киiмі, т.б. жеке қорғаныс құрал-жабдықтармен қамтамасыз етедi.
- арнайы жұмыс киiмi, аяқ киiмдердi жөндеу, дезинфекциялауды қамтамасыз етедi, оларды есепке алып, мұқият тексерудi ұйымдастырады.
- ғимараттар меп құрылыста өртке қарсы жабдықтардың болуын қамтамасыз етiп, өрт сөндiру құралдарының дұрыстығын тексередi.
Қызмет көрсетуші персоналдардың жұмыстарына басшылық жасайды, жұмыс мазмұны бойынша нұсқау береді.
Ол үшін: - қызмет көрсетуші персоналдардың жұмысының сапалы болуын тексереді;
- мектеп күзетшілерінің жұмысын тексереді;
- кабинет кілттерін түгендеп отырады;
- вахташы қызметкердің тіркеу журналын тексереді;
- мектептің түнгі кезекшілігін дұрыс ұйымдастырады;
- қызмет көрсетуші персоналдардың ай сайынғы табелін жасайды;
3. Директордың шаруашылық ісі жөніндегі орынбасары білуі тиіс: -Қазақстан Республикасының Конституциясын; - Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары туралы», «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы»,
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңдарын; - еңбек туралы, еңбекті қорғаудың, техника қауіпсіздігі және өртке қарсы қорғанудың ережелері мен нормаларын; - санитарлық ережелер мен нормаларды; - Мектеп жарғысын.
Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім немесе педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжат, педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 3 жыл; Еңбекке ақы төлеу: Құжаттарды қабылдау мерзімі: 2023 жылдың 30 тамыз-1 қыркүйек аралығында Қажетті құжаттар тізбесі: 1) 10-қосымшаға сәйкес конкурсқа қатысу туралы өтініш; 2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін); 3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген - бар болса); 4)Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері; 5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса); 6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген). 7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама; 8) наркологиялық ұйымнан анықтама.
|