Оқуға құштар мектеп
4 қараша күні 2 «Ә» сынып оқушылары мектеп кітапханасына келіп түскен жаңа кітаптармен танысты. Сондай- ақ оқушыларға зияткерлік технология негізінде әзірленген «Даналық әліппесі» жинағы таныстырылды. Бұл жинаққа барлығы 12 кітап енген. Халқымыздың жыр -дастандарын, ән-күйлері мен аңыз-әңгімелерін, шешендік сөздері мен бата -тілектерін сөйлейтін қалам арқылы тыңдауға болады. Бұл жинақты балалар ерекше қызығушылықпен қабылдап, соңында әр оқушы өздері қалаған шығармаларды тыңдап көруге мүмкіндік