«Адал ұрпақ-ұлт болашағы» тақырыбында эссе конкурсының қорытындысы
«Адал ұрпақ-ұлт болашағы» тақырыбында эссе конкурсы жайлы ақпарат
«№30 ЖОББМ» КММ де 2023 жылдың 19-26 ақпан аралығында«Адал ұрпақ-ұлт болашағы» тақырыбында эссе конкурсы өтті. Аталған шараның мақсаты – жастар арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыру, адалдық қағидаларын насихаттау, оқушылардың адал ұрпақ болып өсулерін,шығармашылық қызметке деген ынталарын арттыру, жалпыға бірдей құқықтық қағидаларды орынды қолданудың жағымды жағдайын ұғыну. Өміріміздің құндылықтарын құқықтық сауаттылық арқылы мәнді ету мақсаты алға қойылды.
Болашақ ұрпағымызға тек тәрбие мен білім берумен шектеліп қана қоймай, адал еңбекқорлыққа да үйретуіміз керек. Адал еңбекқорлық - еліне адал қызмет ету және сыбайластық іс – әрекеттерден аулақ болудан тұрады. Өскелең ұрпақ сыбайлас жемқорлықтан аулақ болу үшін мектеп қабырғасынан бастап тәрбиені осы бағытта беру өте маңызды. Эсседе мынадай критериилер басшылыққа алынды.Эссе тақырыбының сәйкестігі, мағыналық тұтастық, ой байланысы, мазмұндаудың жүйелілігі,берілген тақырып аясында нақты дәлелдемелермен шешу, өзіндік тұжырымдардың берілуі. Ұсынылған тезистердің сауатты дәлелдемелермен дәйектелуі, түрлі көзқарастардың берілуі, мәселеге қатысты дәйексөз, сандық деректер, ғылыми мәліметтерді қолдану мен дереккөздерді рәсімдеу талаптарының сақталуы қадағаланды. Конкурс нәтижесі бойынша жүлдегерлер анықталды.
Конкурс жеңімпаздары:
I – орын «Үздік эссе» иегері 9 «Ә» оқушысы Раимбекова Алуа;
II – орын иегері 9 «Ә» оқушысы Мұхтар Аяулым;
III- орын иегері 9 «Ә» оқушысы Молдағалиев Нұрасыл .