11
март
2020
«Өлмейтұғын артында сөз қалдырған» кітапханалық сағаты
№30 мектептің 5«Г» сыныбында Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай «Өлмейтұғын артында сөз қалдырған»атты кітапханалық сағат өтті. Шара барысында кітапхана қызметкерлері ұлы ақынның шығармашылығына тоқталып, уақыт өткен сайын Абай өлеңдері мен қара сөздерінің жаңғырып, жас ұрпақты тәрбиелеуде таптырмас мол мұра екенін атап өтті. Оқушылар өз кезегінде ақын өлеңдерін жарыса мәнерлеп оқыды.Сондай-ақ викториналық сұрақтар мен «Жалғастыр» ойынында белсенділік танытып. ақын шығармашылығына деген қызығушылықтарын көрсетті.