"Оқуға құштар мектеп "жобасы
19наурыз күні №30 мектепте 3"Ә", 3"Г", 4"Г", 4"Д"сыныптары арасында "Оқуға құштар мектеп"жобасын іске асыру аясында "Ертегілер елінде" атты зияткерлік брейн ринг өтті. Шараның мақсаты оқушылардың зияткерлік және рухани дамуын кітап оқу арқылы қалыптастыру және олардың топ болып жұмыс істеуге дағдыландыру. Конкурс барысында оқушылар өз білімдері мен белсенділіктерін көрсете білді.