ҚҰРМЕТТІ АТА-АНАЛАР » Средняя общеобразовательная школа № 30
Коммунальное государственное учреждение
"Средняя общеобразовательная школа №30"
отдела образования города Семей
Приемная:
+7 (7222) 30-77-99
Бухгалтерия:
+7 (7222) 30-77-99
Версия
для слабовидящих
12
май
2020

ҚҰРМЕТТІ АТА-АНАЛАР


ҚҰРМЕТТІ АТА-АНАЛАР!


«ШҚО Семей қаласының білім бөлімі» ММ мектепке дейінгі және орта білім беру секторы 1 – сыныпқа қабылдау бойынша төмендегіні хабарлайды: «Білім туралы» 2017 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 31 – бабының 1 – тармақшасына сәйкес, 1 – сыныпқа балалар алты жастан қабылданады. Аталған норма 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданылуда.

Бастауыш, негізгі орта және жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының 1 – сыныбына, ата-аналардан немесе балалардың заңды өкілдерінен құжаттар қабылдау ағымдағы жылдың 1 маусымынан 30 тамызға дейін жүргізіледі. Осы жылдан бастап 1–сыныпқа қабылдау VKO.DDO.KZ порталы арқылы іске асырылады (өтінішті үйден электронды сандық қол арқылы жолдауға болады ЭЦП).

        1 – сыныпқа өтініш беруде көрсетілген құжаттардың сканерленген көшірмелерін жүйеге бекіту қажет:

        1) баланың ата-анасынан және өзге де заңды өкілдерінен өтініш (еркін түрде);

        2) баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;

        3) 026/у-3 нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы құжат;

        4) 063/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы құжат;

        5) 3х4 см көлеміндегі фото – 2 дана.


Назар аударыңыздар!

Барлық құжаттардың тек қана жақсы оқылатын көшірмелерін жүктеу қажет. Дұрыс емес (оқылмайтын) құжаттарды салған жағдайда, Сіздің өтінішіңіз мақұлданбайды.

Ø Білім беру ұйымына қабылдау туралы өтініш мақұлданбаған жағдайда, өтініш беруші өтінімді қайтадан бере алады;

Ø Егер мектепке қабылдауға өтінім берілсе және өтінім қарастыруда болса, өтінішті қайтадан беру мүмкіндігі болмайды;

Ø Мектепке қабылдау туралы жауапты алған жағдайда, мектепке құжаттардың түпнұсқаларын ұсыну қажет.


Өтінішті берген кезде өзекті байланыс деректерін (ұялы телефон нөмірі, электрондық пошта) көрсету қажет. Көрсетілген электрондық пошта мен телефон нөміріне ескерту түріндегі хабарлама жіберіледі.


Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив